Халықаралық интеграция

ҚР-да Қырымда өткен референдумды халық еркіндігінің көрінісі ретінде қабылданды -СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми порталында Қырым Автономиялық Республикасындағы рефрендумға қатысты ведомстваның мәлімдемесі жарияланды.
Астана қаласы18 Наурыз , 21:18

«Қырым Автономиялық Республикасында референдум өткізуге байланысты 2014 жылдың 14 наурызында Қазақстан кезекті рет БҰҰ Қаулысына сай халықаралық құқық ұстанымдарына деген бейілділігін танытты.

«Қазақстанда Қырымда өткен референдумды халықтың еркіндігінің көрінісі ретінде қабылдана отырып, жағдайға қатысты Ресей Федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар мәлімдемеде Украинаның дағдарыстан бейібіт жолмен шығуына және жағдайды БҰҰ мен өзге де беделді халықаралық ұйымдардың талабына сай келіссөз арқылы шешуіне Қазақстанның тілектестік білдіретіні айтылған.




Яндекс.Метрика