Басқару

ҚР Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен кезекті Қауіпсіздік Кеңесі өтті.
Астана қаласы18 Наурыз , 19:40

Отырыс барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары, атап айтқанда, Украинадағы ахуал талқыланды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған қоса, осы оқиғалардың еліміздің экономикалық дамуына ықпал етуіне қатысты мәселелер қаралды.

Талқылау қорытындысында Қазақстан Президенті Украина төңірегіндегі оқиғалар ауанында әлемдік саясат пен экономикада қалыптасып отырған факторлар мен үрдістерді практикалық жұмыс барысында ескеру қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы экономика өсімін және елімізді дамытудың белгіленген жоспарларының орындалуын одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.   

 

 




Яндекс.Метрика