Өңірлер

2014 жылы АШМ ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді несиелеудің жаңа бағыты – ЕДБ қорландыруын енгізеді

2014 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді несиелеудің жаңа бағыты – екінші деңгейлі банктің қорландыруын енгізеді, деп мәлімдеді бүгін ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков көктемгі егістік науқанына дайындық бойынша баспасөз конференциясында.
Астана қаласы18 Наурыз , 17:20

«Биыл алғаш рет несиелік серіктестік пен микроқаржылық ұйымдарды қорландыру бағдарламасы бойынша банк кепілінің қоланыстағы бағдарламасынан бөлек тағы бір жаңа бағыт – екінші деңгейлі банктердің қорландыруы енгізіледі. Осы тұрғыда «ҚазАгро» тек механикалық тұрғыдан ғана несие бермей, олардың рейтингіне байланысты несие үстемесін әртараптандыратын болады», - дейді А.Мамытбеков.

«ҚазАгро» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Мақажановтың айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер несиесі арнасын кеңейту мақсатында екінші деңгейлі банктердің несиелендіру жүйесі енгізіледі.

«Өз портфелінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері бар және осы бағдарламаға қатысуға мүдделі кез келген екінші деңгейлі банк тиісті өтінішті бере алады және біз егістік және күзгі жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік несие қаражатынан қорландырамыз. Қазіргі таңда біз екінші деңгейлік банктердің бұған жоғарғы қызығушылығына куә болып отырмыз. Өйткені соңына дейін бюджет арзан бюджет қаражатын береді», - дейді.




Яндекс.Метрика