Өңірлер

АШМ мен МГМ жанғыш-майлау материалдарының түзетілген бағасын мақұладады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Мұнай және газ министрлігінің біріккен бұйрығымен литріне 95 теңгеден аспайтын егістікті өңірлер үшін ЖММ-ның түзетілген бағасын мақұлданды, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Асылжан Мамытбеков көктемгі егістік науқанына дайындық бойынша баспасөз конференциясы барысында.
Астана қаласы 18 Наурыз, 16:49

Оның айтуынша, жанғыш-маулау материалдарымен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапқан.

«Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Мұнай және газ министрлігінің біріккен бұйрығымен литріне 95 теңгеден аспайтын егістікті өңірлер үшін ЖММ-ның түзетілген бағасын мақұлданды. Оңтүстік өңірлерде бұл баға әлдеқайда төмен болады. ЖММ-ның жалпы шығарылатын көлемі 360мың тоннаны құрайды, осы көлемде нарықтың баға ауытқуы ешбір жағдайда әсер етпейтін болады», - дейді министр.

Жалпы, қазіргі таңда жанармай бекеттерінде бір литр дизель отынының бағасы 102 теңге және 95 теңгені құрайды. Бұл нарықтағы бағадан барынша арзан.

«Баға көтерілуінің кұтілуіне қарамастан аталмыш түзетілген баға көктемгі егістік науқанының аяқталғанына дейін сақталатын болады. Бұл көлем барлық шараларды атқаруға еркін жетеді. Бұл облыс әкімдіктерімен де келісілген», - дейді ведомство басшысы.

АШМ басшысының айтуынша, жеке меншік операторлардың бұл бағаға қол жеткізе алмайтын өңірлерінде «ҚазМұнайГаз» операторлары өз қызметтерін ұсынуға дайын.





Яндекс.Метрика