Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

«Интурмаркет-2014» көрмесінде қазақстандық стендті 80 мыңға жуық адам тамашалайды

15 наурызда Мәскеу қаласының «Крокус ЭКСПО» көрме орталығында «Интурмаркет-2014» халықаралық туристік көрмесінің ашылуы өтті.
Әлемде 18 Наурыз, 15:53

Көрмедегі қазақстандық стендке Бүкіләлемдік туристік ұйымының (ЮНВТО) бас хатшысы Талеб Рафаи келді.

Ол өңірлердегі туризмнің дамуы дұрыс қарқында екенін және өңірлерде «Ұлы Жібек жолы» сияқты туристік өнімді ілгерілету қажеттігінатап өтті. 

ҚТ ИЖТМ Туризм индустриясының төрағасы Марат Иғалиев атап өткендей, осы жылы көрмелердегі қазақстандық стандіндтерінде тек өңірлердің туристік әкімшілік өкілдері ғана емес, көптеген туристік компаниялар да қызмет атқарып жатыр.

«Елде ішкі туризмді ілгерілету бойынша жалпы саясатпен байланысты екеніне сенімдімін». Қазақстан  көрмеде ЭКСПО-2017 көрмесінің, еліміздің туристік мүмкіндіктерінің арнайы таныстырылу рәсімі бойынша  масштабты көрмелерді Астана мен Алматы қалаларында, содай-ақ Алматы, Маңғыстау облыстарында  өткізуді жоспарлап отыр.

ИЖТМ-де хабарлағандай, осы жылы жәрмеңкеге әлемнің 148 мемлекеттері мен өңірлерінен өкілдер қатысатын болады және оған қатысуға 1500-дей компания өтінім білдірді.

Көрме ұйымдастырушыларының болжамы бойынша  көрмеге 80 мың адамдай келетін болады. Көрме 18 наурызға дейін жалғасты.





Яндекс.Метрика