Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ҚР-да компьютерлік сауаттылыққа құқық енгізілмек

Үкіметтің қарауына «Ақпараттандыру туралы» заң жобасы келіп түсті. Ол азаматтардың компьютерлік сауаттылығы құқын нығайтады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бикеш Құрманғалиева мәлімдеді.
Астана қаласы18 Наурыз , 15:10

«Ақпараттандыру туралы» заң жобасы азаматтардың компьютерлік сауаттылығы құқын қарастырады. Біз қазірде азаматтардың компьютерлік сауаттылығы жалпы сауаттылықпен қатар қоғам мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі жолындағы басты факторлар екенін көріп отырмыз», - дейді Б.Құрманғалиева.

Оның айтуынша, бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар барлық нарық қатысушыларының да мойынындағы міндет.

Сонымен қатар, ол қазіргі заманда ақпараттық қауіпсіздіктің басты қажеттілік екеніне де тоқталды. Заңда тұлғалық мәліметтер, ақапарттық ресурс пен ақпаратты қорғау шараларын қарастырылған.




Яндекс.Метрика