G-global

Астана экономикалық форум аясында беделді халықаралық ұйымдар мерейтойларын атап өтеді

Ағымдағы жылдың мамыр айында VII Астана экономикалық форумы тек қана әлемдік сарапшылар қоғамдастығы көшбасшыларының кездесетін орны ғана емес, сондай-ақ, беделді халықаралық ұйымдардың мерейтойларын да атап өтетін алаңға айналады.
Астана қаласы18 Наурыз , 15:05

«Еуразиялық ғалымдар клубы» Қауымдастығында хабарлағандай, 2014 жылы БҰҰ-ның Cауда мен даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) мен Халықаралық сауда орталығына 50 жыл толады. Сонымен қатар, АЭФ аясында Бреттон-Вудс конференциясы атауымен танымал БҰҰ-ның қаржы-валюталық конференциясы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді.

2008 жылдан бастап, АЭФ жыл сайын әлем сарапшылары мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерін заманауи экономикалық және әлеуметтік қауіп-қатерлермен күресу жолын іздестіру үшін біріктіреді.

Форум әлемдік қоғамдастықтың күткен сенімін ақтады. АЭФ - басшылары Қазақстан астанасын толық құқылы серіктес және заманауи үрдістерді дамытатын инновациялық алаң ретінде таңдайтын беделді ұйымдар үшін пайдалы алаңға айналу үстінде.

Қазіргі таңда, Бреттон-Вудсты жаңғырту келісімінің бастамашылары, конференцияның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, қайтадан жаһандық экономикалық мәселелерді көтеріп, сонымен қатар, әлемдік валюта нарығын орнықтырып, осы сұрақтарды Астанада талқылауға ниет білдіруде.

VII Астана экономикалық форумында өзінің сәтті қызмет істеп, құрылғанына 50 жыл толған, сауда және экономикалық дамуды, әсіресе дамушы елдерде үдетумен айналысатын БҰҰ-ның сауда мен даму жөніндегі конференциясы, ЮНКТАД, атап өтеді. 1964 жылы үкіметаралық орган ретінде құрылған БҰҰ-ның сауда мен даму жөніндегі конференциясы сауда және даму сұрақтары бойынша Бас Ассамблеяның басты органы болып саналады.

 Осыдан дәл 50 жыл бұрын құрылған Халықаралық сауда орталығы (ITC) -операциялық және кәсіпкерлерге бағытталған сауда дамуының аспектілерімен айналысатын  БҰҰ-ның сауда мен даму жөніндегі конференциясы мен Дүниежүзілік Сауда Ұйымының техникалық ынтымақтастық бойынша агенттігі. Бұл орталық нарықтардың дамуы, саудадағы көмек қызметі және еңбек ресурстары сұрақтарына жауап береді.

 

 

 




Яндекс.Метрика