Өңірлер

Қазақстанда меморгандар бұлтты технологиялар көмегімен жұмыс істейтін болады

Қазақстанда мемлекеттік органдар бұлтты технологиялар көмегімен жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте «Зерде» Ұлтық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бикеш Құрманғалиева әңгімелеп берді.
Астана қаласы18 Наурыз , 14:45

 «Бүгінде біз кез-келген мемлекеттік органдарды жүйелік үлгіге көшіруді ұсындық, ал, Үкімет бізді қолдады.  Енді мемлекеттік органдар IT-жүйесі мен қызметін қолданатын болады. Олар өздері ақпараттық жүйелерді жасақтамайды және қажетті құралдарды сатып алмайды, бұл оларға тән жұмыс емес, оны ІТ технологиясы саласының мамандарына сенім тапсырған абзал. Аталмыш жүйелік үлгі бізге ақпараттық коммуникация саласындағы барлық мемлекеттік активтерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Атап айтатын болсақ, жүйелік қуатты кәдеге жарату мүмкіншілігін, бағдарламалық қамтамасыз етудің лицензиялы жүйесін пайдалануды, сонымен қатар, IT-қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады», - деді Б. Кұрманғалиева.

Сонымен қатар, ол бұл жүйе орталықтандыру арқылы жасақталатынын атап өтті. Ол үшін бұлтты технология сынды технологиялар пайда болды, деді ол.

«Біз қазір мемлекеттік бұлтты құрмақшымыз. Ол жабық, үлкен қорғалған инфрақұрылымы бар, нық болады. Оның үстіне, осы инфрақұрылым негізінде барлық мемлекеттік  органдар мемлекеттік органдардың жұмысы мен қызметін автоматты түрде пайдалана алады», - деп Б.Құрманғалиева толықтырды.

Оның айтуынша, заң бірыңғай техникалық саясаттың қалуын қарастырған. Яғни, ақпараттық технологияларды пайдаланатындардың барлығы, мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы секторлар міндетті түрде кейбір регламенттерді ұстануы тиіс.

«Олар көбіне сыни жүйелер, себебі, олар өте маңызды процестерді басқарады. Сонымен қатар, олар мемлекеттік немесе ұлттық компаниялардың қаржысына салынған», - деп ол хабарлады.  




Яндекс.Метрика