Инновациялар

Б. Құрманғалиева: Қазақстанда жаңа типтегі компанияларды құрып, дамыту қажет

Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Зерде» Ұлтық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бикеш Құрманғалиева әңгімелеп берді.
Астана қаласы 18 Наурыз, 13:04

«Біздің (Ақпараттық Қазақстан) мемлекеттік бағдарламасы мобильдік технологиялар мен бұлт технологиялары, робототехника және басқа да технологиялар бүгінгі таңда дамытуға бағытталған. Бұл мәселе мемлекеттік Жолдауды жүзеге асырудың аясында қарастырылған. Сол мақсатта біз даму институттарын, дәлірек айтқанда, зертханалар құрып жатырмыз, ондағы діттегеніміз - IT-технологияларды бейімдеу, сол технологияларды жүйелі трансферттеу және ресурстар жасау», - дейді Б.Құрманғалиева.

Ол өз сөзінде сондай-ақ, адами капиталды дамыту да холдингтің маңызды міндеті болып табылатынын айтты.

«Сол үшін біз арнайы халықаралық IT–университет құрып отырмыз, ол холдингтің еншілес компаниясы болып табылады. Және осы университеттің аясында ақпараттық коммуникация саласының серпімді, басымдықты технологиялары бойынша сұранысқа ие кадрлар дайындап жатырмыз»,- деп түсіндірді «Зерде» Ұлтық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бикеш Құрманғалиева.

Оның айтуынша, холдинг Ақпараттық технологияларды дамыту қорын құрды.

«Бізге жаңа типтегі компанияларды құрып, оларды дамыту қажет, олардың құрамында жоғары инновациялық құрам болуы тиіс. Сондықтан да қор стартаптарды құрумен айналысып, тиімді жобаларды қарастыруда және олардың құрамында компания ашуға мүдделі», - деді Б. Құрманғалиева. 





Яндекс.Метрика