Өңірлер

2014 жылы «Зерде» ҰАКХ 10 кәсіби стандартты дайындайды – Б.Құрманғалиева

2014 жылы «Зерде» ҰАКХ 10 кәсіби стандартты дайындауды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді «Зерде» Ұлттық ақапарттық коммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бикеш Құрманғалиева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Астана қаласы18 Наурыз , 12:50

«Өздеріңізге де белгілі, біз кәсіби стандарттарды дайындаймыз, өткен жылы барынша басым бағыттағы кәсіптер бойынша 5 стандарт дайындадық. Биыл тағы 10 стандартты енгіземіз», - дейді Б.Құрмангалиева.

Оның айтуынша, аталмыш стандарттар инновациялық саладағы халықаралық тәжірибенің жемісі болып табылады.

«Біз жалпы сұранысқа, Қазақстанның қажеттіліктеріне бірінші кезекте назар аударамыз. Нарыққа қаиысушылармен бекітілетін талаптарды егжей-тегжейлі қарастыратын арнайы топтар құрылды. Менің ойымша, осы талаптар номиналды болып қана қоймай, олар жұмыс істейтін стандартқа айналып, осының негізінде ЖОО-дары өз бағдарламаларын құратын болады. Осылайша, бізде инновациялық ортада сұранысқа ие болатын бірқатар кәсіп түрлері түзіледі», - дейді.

Айта кету керек, «Зерде» холдингінің басты міндеттерінің бірі басты стратегиялық құжат – «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Оның іске асырылуы Қазақстанның ақпаратты қоғамға өтуіне мүмкіндік бермек.




Яндекс.Метрика