Компанияда хабарлағандай, «Қазақстандық Тұрғын үй – Құрылыс Корпорация» АҚ меморандум аясында Тараз қаласындағы «Бәйтерек» шағын ауданының 75 пәтерлік үй құрылысын өз жауапкершілігіне алып отыр. Әкімдік өз тарапынан барлық қолдауды жүзеге асыратынына кепілдік беріп отыр.
«Қазақстандық Тұрғын үй – Құрылыс Корпорация» АҚ «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жалға берілетін үйлерді салумен Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында айналысады. Сондай-ақ, осы жылы Ақтөбе, Петропавлоск, Қостанай, Орал, Павлодар, Астана қалаларында жүзеге асыруды қарастыруда.