Өңірлер

ҚР-да іскерлік белсенділікті қолдау үшін Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінді – Е.Досаев

2014-2015 жылдары Қазақстандағы іскерлік белсенділікті арттыру мақсатында Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінді, деп мәлімдеді ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Үкімет отырысында.
Казахстан18 Наурыз , 12:30

«Мемлекет басшысының бастауымен 2014-2015 жылдары Қазақстандағы іскерлік белсенділікті арттыру мақсатында Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінді. 2014 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт, доллар курсының түзетілуіне байланысты, 2015-2016 жылдарға 1 480 млрд теңгеге дейін артты. Жоспар бойынша бұл көрсеткіш жылына 1 380 млрд тең еді», - дейді Е.Досаев.

Осы орайда Ұлттық қордан өңдеуші өндірісті дамытуда ШОБ жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету үшін және екінші деңгейлі банктерден «жұмыс істемей тұрған» несиелерді сатып алу арқылы банктік секторды сауықтыру мен индустрияландыру бағдарламасының басым жобаларына қаржылық қолдау көрсету мақсатында қаражат бөлінді.

«Аталмыш шаралар кешені өңдеуші өндірісті, шикізаттық емес сектордағы индустриялдық жобаларды дамыту мен экономиканы несиелендіру үшін банктің қаражатын босату арқылы тұрақты экономикалқы өсім қарастырылған», - дейді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, азаматтардың өмір тұрмысы мен 647 мемлекеттік қызметті қамтитын жаңа мемлекеттік қызмет реестрі мақұлданды.




Яндекс.Метрика