Өңірлер

2014 жылы реттелмелі коммуналдық қызмет тарифінің өсімі инфляция мен тарифтың шекті салымы аясында жүзеге асырылатын болады – Е.Досаев

2014 жылы реттелмелі коммуналдық қызмет тарифы өсімі инфляция мен тарифтың шекті салымы аясында жүзеге асырылатын болады, деп мәлімдеді бүгін ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Үкімет отырысында.
Астана қаласы18 Наурыз , 11:48

«2014 жылы реттелмелі коммуналдық қызмет тарифы өсімі инфляция мен тарифтың шекті салымы аясында жүзеге асырылатын болады2013 жылы реттелмелі қызметтің тарифы өсімінен инфляция салымы 1,15-ті құрады, жоспар бойынша бұл көрсеткіш 1,2-ні құраған еді», - дейді министр.

Оның айтуынша, биыл басты міндетіміз ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ету. Ол үшін тұрақтандыру қоры өнімін пайдалана отырып шекті бөлшек бағасы орнатылады.

«Негізгі мұнай өнімдері бойынша республиканың ішкі нарығын қамтамасыщ ету мен бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс және Астана мен Алматы қалалары бойынша мұнай өнімдерін тасымалдау кестесі нақтыланады және ай сайын жанармай мен дизель отынының шекті бағасы орнатылады. Соның ішінде әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарлардың бағасының артуына жол бермеу шаралары дайындалып, азық-түлік тауарлары тапшылығына жол бермеу үшін тұрақтандыру қоры ресурсын тиімді пайдалану қолға алынады», - дейді.  

Ведомство басшысының айтуынша, импорттық мұнай өнімдерінің көтерме тасымалды реттеу мақсатында және ішкі нарықтаңы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «ҚазМұнайГаз Өнімдері» түріндегі Ресей Федерациясынан мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша біріңғай оператор құралады.

ЭБЖМ жұмысының басым бағыттарының бірі биыл макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау мен инфляцияға жол бермеу.

«Үкімет және Ұлттық Банк тарапынан жоспарланған 6-8% дәлізіндегі инфляцияны ұстап тұру мақсатында атқарылатын шаралардың ішінде азық-түлік тауарларының қымбаттауына жол бермеу мен тариф тұрақтылығын ұстап тұру бломақ. Ол үшін ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің кешенді шаралары іске асырылады», - дейді министр.

Айта кету керек, бекітілген дәлізден баға өсімінің асып кетпеуі үшін Үкімет 2014 жылғы бекітілген дәліздегі инфляцияны ұстап тұру бойынша кешенді шаралар жоспарын дайындау жұмыстары атқарылады.




Яндекс.Метрика