Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен «Парасат» ҰТХ» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін «Геология-360°» семинар-кеңесі аясында диалогтық алаңда ҚР ИЖТМ геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен «Парасат» Ұлттық техникалық холдингі» АҚ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Астана қаласы18 Наурыз , 11:45

Аталмыш меморандумның мақсаты серіктестік қарым-қатынасты орнату және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бойынша бірлесіп күш жұмсау, геологиялық барлау бойынша алдыңғы қатардағы технологияларды енгізу және Қазақстанның минералды-шикізат базасын дамыту болып табылады.

«Біз, келісімге қол қою геология бойынша алға қойған міндеттерді орындау барысы туралы есеп береді деп үміттенеміз. Оның үстіне, көптеген жобалар бойынша біз қол қойып қойдық, алда әлі геологиялық саланың дамуына тың серпіліс беретін ұсыныстар бар», - деп ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдаланушылар комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев атап өтті.

Өз кезегінде, «Парасат» Ұлттық техникалық холдингі» АҚ  ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыруға дайын.

«Минералды шикізат базасы озық дамуы тиіс. Ал, біз ғылыми-техникалық холдинг болғандықтан біз индустрияның дамуынан оқ бойы озып тұруымыз керек. Осы ретте біз бірнеше ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асырудамыз. Жалпы, Қазақстанда ғылым қаржыландыру принціпі бойынша дамып келеді. Біз ғылыми жобаларды жасақтаудамыз. Егер, Қазақстанда металлды дамыту бойынша бағдарламаны жасақтау керек болса бұл іске біз және біздің институттарымыз да дайын», - деді «Парасат» Ұлттық техникалық холдингі» АҚ басқарма төрағасы Әбдікәрім Зейнуллин.




Яндекс.Метрика