Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстандағы болжамды мыс қоры 100 млн теңгеге бағаланады – Б.Нұрабаев

Еліміздегі болжамды мыс қоры 100 млн теңгеге бағаланады, деп мәлімдеді бүгін ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасы Базарбай Нұрабаев «Геология - 360°» диалогтық алаң аясындағы «ҚР-дағы түсті металлдарға геологиялық барлау жұмыстарын дамыту жолы мен бағыты, түсті металл базасының шикізаттық жағдайы» семинар жиыны барысында.
Астана қаласы18 Наурыз , 11:36

«Қазіргі таңда еліміздегі болжамды мыс қоры 100 млн теңгеге бағаланады, соның ішінде 33,4%-ын Р1 и Р2 санатындағы ресурс құраса, қорғасын мен мырыш ресурсы 135 млн тенгені құрайды. Тиісінше боксит ресурсы 809 млн теңгеге бағаланады», - дейді Б.Нұрабаев.

Оның айтуынша, елдің минералды-шикізаттық базасын өндіру мақсатында қазіргі таңда алдыңғы қатарлы геологиялық-геофизикалық әдістерді қолдану арқылы геологиялық барлау көлемін арттыру ұсынылған іздеуін құруды күшейтеді.

«Сонымен қатар, өңірлердің рудалық әлеуетін қалпына келтіру үшін қорды қайта бағалап, игерілмеген жерлерде геологиялық-экономикалық бағалау жүргізу қажет», - дейді комитет төрағасы.

Төрағаның айтуынша, шикізаттық ресурсты қалпына келтіру мәселесін шешу механизмі 2010-2014 жылдарға арналған ҚР минералды-шикізаттық кешенін дамыту бойынша салалық бағдарламалар болып табылады. Сонымен қатар, 2015-2019 жылдарға арналған салалық бағдарлама да дайындалды. Бағдарламаның басты мақсаты түсті металлдардың кен орнын табу.




Яндекс.Метрика