Өңірлер

ЭБЖМ басшысы «Нұр Отанның» сайлау алды платформасының экономикалық блогының жүзеге асырылуы туралы әңгімеледі

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев бүгін Үкімет отырысында «Нұр Отанның» Сайлау алды платформасының экономикалық блогының жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді.
Астана қаласы18 Наурыз , 11:20

«Сонымен, «Нұр Отан» партиясының Сайлау алды платформасымен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету аясында 2013 жылы ЖІӨ өсімін орташа есеппен 6-8% жеткізу қарастырылған еді. Адам басына шаққанда ЖІӨ 13 мың АҚШ долларынан келеді. ЖІӨ өсуінде қызмет көрсету саласының кеңеюі негізгі фактор болды. 2013 жылы қызметтер өндірісінің өсімі 7,4% құрап, экономика өсімі 3,9 пайыздық пунктке көтеріліп, тауар өндірісі 1,4 пайыздық пунктке өсті», - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, экономика өсімі ішкі сұраныстың, жоғары инвестициялық белсенділік пен агроөндірістік кешеннің, машина құрылысы мен құрылыс индустриясының жоғарғы өсімінен болды.

«Егер, орташа жедел мерзімге болжамдар туралы айтатын болсақ, 2014 - 2017 жылдарда түзетілген теңгенің бағасын ескеретін болсақ жыл сайын экономика өсімі 6-7% деңгейінде болады деп күтілуде. Қазақстан экономика өсімінің басты факторы ішкі сұраныстың өсімі, экспорт үшін сыртқы жағдайлардың жақсаруы мен инвестицияның артуы», - деп ЭБЖМ басшысы толықтырды.

Жалпы, 2013 жылы жергілікті тұрғындардың нақты табысы өткен жылмен салыстырғанда 3,0% өсті. Ал, нақты жалақы 1,6%-ға артып, жұмыссыздық деңгейі 5,2 % құрады.




Яндекс.Метрика