Адами капитал

«Нұр Отан» партиясы 2014 жылы 12 әлеуметтік жобаны жүзеге асырады – Б. Байбек

Бүгін Үкімет отырысында «Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы платформасын жүзеге асыру барысында партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек партия жүзеге асыратын жобалар туралы айтты.
Казахстан18 Наурыз , 11:15

«Бүгін «Нұр Отан» партиясы «жобалық вертикаль»  жұмысына орталықтан жерлерге дейін көшті, ол адамға жеке бағытталған. Біз 12 ірі партиялық жобаны жүзеге асырады. Оның ішінде «Атамекен»  ҰЭП бірге жүзеге асып жатқан «Қуатты бизнес – мықты мемлекет», ол «Жастар-Отанға!», «Біздің ауыл»  жобасына бағытталған», - деді Б. Байбек. 

Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамту мен өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды да белсенді атқаруда.

«Партия көшбасшысының мүгедектерді белсенді өмірге араластыру бойынша тапсырмаларын орындауда «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыру басталды. Соның аясында 2 мыңдай адам жұмысқа орналасты», - дейді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, партия төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, бүгінде «Жастар саясаты» әлеуметтік жобасының аясында өндірістік тәжірибеден өткеннен кейін 20 пайыздай адам жұмысқа орналасты.

«2050 Стратегиясында Елбасы жастарға баса назар аударады. Стратегияны іске асыратын да осы жастар. Сол себепті жастармен жұмыс істеу біздің біріккен жұмысымыздың басты міндеттемесі», - дейді Б.Байбек.

 

 




Яндекс.Метрика