Өңірлер

Б.Байбек: 2050 Стратегиясын іске асыруға халықты жұмылдыру – «Нұр Отан» партиясының маңызды міндеті

2050 Стратегиясын іске асыруға халықты ұйымдастыру – «Нұр Отан» партиясының маңызды міндеті, деп мәлімдеді бүгін Үкімет отырысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Астана қаласы18 Наурыз , 11:10

«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың басты мақсаты қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жоспарлы түрде жақсарту болып табылады. Ал басты талап азаматтардың әлеуметтік өзін өзі сезінуі болуы креек. Осы орайда «Нұр Отан» париясы көшбасшы партия ретінде елдің тұрмыстың жағдайына қарайласып, билік пен халық арасында тиімді байланыс құруға мүмкіндік жасайды», - дейді Б.Байбек.

Оның айтуынша, қоғамда бірлік пен келісімді қамтамасыз ету мен Елбасы мемлекеттік курсының баяндылығын қамтамасыз ету, 2050 Стратегиясын іске асыруда халықты ұйымдастыру және жаңғыртылған құндылықтарды халыққа сіңіруді – партияның басты мақсаты.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмаларын іске асыру аясында партия «халықтың әлеуметтік өзін өзі сезінуі» республикалық әлеуметтік зерттеуін жүргізді.

«Зерттеу қорытындысынан байқағанымыздай, жұмыспен қамту, соның ішінде жастардың жұмысқа орналасуы мен үй алу және баға мен тариф өсімі сауалнамаға қатысқандардың жартысын мазалайтын көреді», - дейді.

Азаматтардың «Электронды партияға» енуіне мониторинг жасау мен қоғамдық қабылдаулар халықтың мемлекеттік органдар жұмысынан хабардар болуына жағдай жасайды. Мысалға, көптеген азаматтар мемлекеттік қолдау құралдарының қалай жұмыс істейтіндерін толық білмейді.




Яндекс.Метрика