Өңірлер

«ҚазАгроҚаржы» егін егу жұмыстарына техника алуға 10 млрд-тан астам теңге бағыттайды

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2014 жылғы егін егу жұмыстарына техника алуға 10,5 млрд.теңге бағыттайды.
Казахстан18 Наурыз , 11:00

Компанияда хабарлағандай, 2014 жылы барлық техниканы қаржыландыру бойынша жалпы жоспардағы қаржы 31 млрд.теңгені құрайды. Бүгінгі күні 2014 жылғы көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге техниканы иеленуге 8 млрд.теңгеден астам қаржыға өтінімдер келіп түсті.

Жалпы, 2014 жылғы көктемгі-дала жұмыстарын жүргізу аясында, келіп түскен сұранысты ескере отырып, «ҚазАгроҚаржы» 1000 бірліктен астам түрлі техника мен оған қажет жер өңдейтін құралды иеленуді жоспарлауда. Сәйкес мәмілелер қазақстандық ауыл шаруашылық өндірушілер мен жабдықтаушылармен, сондай-ақ таяу және алыстағы шетел серіктестерімен жасалды. 

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында 2013 жылы ауыл шаруашылық техниканы иеленуге аванстық төлем 25 %-дан 15%-ға дейін төмендегенін атап өткен жөн. 2014 жылғы көктемгі-дала жұмыстарына дайындық барысында қамсыздандыруды ұсынумен аванстық төлем лизинг затының құнынан  сондай-ақ 15%-ды құрайды. 




Яндекс.Метрика