Өңірлер

«Нұр Отан» партиясы платформасы көрсеткіштерінің 75%-нан астамы халық үшін нақты индикаторларға негізделген – Б. Байбек

Бүгін Астанада Үкімет отырысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Сайлау алды платформаны жүзеге асыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.
Астана қаласы18 Наурыз , 10:45

 «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасарының айтуынша, партия Бюросы Үкіметпен бірлесіп оны жүзеге асыру бойынша көрсеткіштерді жасақтады.

Жалпы, Платформа көрсеткіштерінің 75% халық үшін нақты және өлшеуге мүмкін индикаторларға негізделген. Олардың әрқайсысы нақты мемлекеттік органға бекітілген.

«Платформамен біз сайлауға бардық, халықпен тілдестік, олар өз кезегінде бізге сенім білдіріп дауыстарын 80% бізге берді. Жалпы, Платформаның жыл сайынғы отырысы - орындаушы органдардың сайлаушылар алдындағы орындалған міндеттер туралы есебі», - деп Б. Байбек атап өтті.

Бұдан басқа, ашықтықты арттыру үшін сарапшы топтың жұмысына белсенді түрде БАҚ мен үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес өкілдері және шығармашылық пен ғылым зиялылары қатысады.

«Біз жүйелі түрде партияның фракция депутаттары тарапынан Мәжіліс пен маслихатта мемлекеттік органдардың жұмыстарын орталықта және аймақтарда қатаң бақылауды енгізіп жатырмыз. Осы мақсатта партияның сарапшылар тобына фракцияның Парламенттегі депутаттары, сонымен қатар, олардың 40% облыстық маслихаттың фракция депутаттары болып табылады. Олар бұған дейін аталмыш жұмысқа тартылмағандар болып табылады», - деді Партия төрағасының бірінші орынбасары.

Айта кетерлік жайт, бүгінде «Нұр Отанда» тәуелсіз сауалнама жүргізу және қоғамдық қабылдауларды сараптау арқылы Платформаның жүзеге асырылуын барысын қадағалау бойынша кешендік механизм енгізді. «Электронды партия» жобасымен «Нұр Отан» барлық салалар және аймақтар бойынша болып жатқан оқиғаларға мониторинг жүргізеді.




Яндекс.Метрика