2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

ҚХА мүшесі Ш.Ысмайылов: ҚР жастары Мәңгілік Елді қолдай отырып жаңа Қазақстанды құруға ниетті

ҚР жастары Мәңгілік Елді қолдай отырып жаңа Қазақстанды құрады, дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Ысмайылов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы18 Наурыз , 10:20

«Жалпықазақстандық үйіміздің «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Президенттің «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында көтерілді. Тәуелсіздіктің 23 жылы ішінде Қазақстанда барлық қазақстандықтардың басын қосып, еліміздің болашағының іргетасын қалайтын ортақ құндылықтар қалыптасты. Олар – тарихтың таразысынан өткен біздің қазақстандық жолдың тәжірибесі. Осының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз», - дейді Ш.Ысмайылов.

Оның айтуынша, қазірде жастар мемлекетті жаңа деңгейге көтеретін үлкен күшке айналып келе жатыр.

«Біз Қазақстанда ортақ мақсатпен, ортақ мүддемен, ортақ болашақпен өмір сүруді қалаймыз. Айта кету керек, Астана тәуелсіздіктің белгісіне айналып, қазақстандықтардың өздері мен қонақарды өзінің сұлулығымен тәнті етуде. Сонымен қатар, бұл шаһар барлық ұлт пен ұлыстың басын біріктіретін мекенге айналды», - дейді.

«Жастардың Мәңгілік Елді қолдап жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Олар тек өзгерістерді бақылаушы болып қана қоймай, соларға өздерінің үлестерін қосуға да ынталы. Осылайша олар елдің ғылымын, экономикасынғ демократиялық жағдайын дамыта түседі», - дейді Ш.Ысмайылов.




Яндекс.Метрика