Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбе облысында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 800 мүгедек жұмыспен қамтылады

Жоба шеңберінде 2014 жылдың соңына дейін облыс бойынша 810 мүгедекті жұмысқа орналастыру қарастырылған. «Кедергісіз келешек» жобасы іске қосылған бірінші айда 102 мүгедекке жұмыс табылды.
Ақтөбе18 Наурыз , 10:05

Шара барысында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектерге арналған бос орындардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бос орындар жәрмеңкесінде барлығы 40 жұмыс берушілер тарапынан 532 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Бүгінгі таңда әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарының 60% -ға (702) жуығы мүгедектерге қолжетімді емес. Облыста нысандарды құжаттау мен бейімдеу мониторингі  жұмыстарын жүргізу басталып кетті.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысында 19115 мүгедек өмір сүреді. Бүгінгі таңда жұмыс істей алатын жастағы -  14 мың мүгедек. Соның ішінен 4,3 мың мүгедектің жұмыс істей алатын қабілеті бар, оның 46%-ы (1,9 мың адам) жұмысқа орналасқан.

Жоба шеңберінде 2014 жылдың соңына дейін облыс бойынша     810 мүгедекті жұмысқа орналастыру қарастырылған. «Кедергісіз келешек» жобасы іске қосылған бірінші айда 102 мүгедекке жұмыс табылды. Жалпы үстіміздегі жылы облыста мүгедектерге арналған 17 бос орындардың жәрмеңкесі өтеді.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының - «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталғаны аян. Аталған жобаны төрт бағыт бойынша жүзеге асыру жоспарланған: мүгедектерді тұрақты еңбек орнына жұмысқа тұрғызу; мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісі жоқ жағдай жасау; қоғам мен бизнестің назарын мүгедектердің мәселесіне аударуға бағытталған тұрғындарды ақпараттандыру жұмысын күшейту; мүгедектердің құқығын тиімді жүзеге асыратын құқықтық алаң құру.




Яндекс.Метрика