Энерготиімділік

Жолдауды іске асыру аясында Алматы мектептерінде энергияүнемдеу сабақтары ұйымдастырылды – АлматыЭнергоСбыт

2014 жылы Алматы қаласы оқушыларына энергоүнемдеу сабақтары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматы Энергокешенінің жұртшылықпен байланыс жалпы қызмет көрсету орталығының директоры Найзабек Олжабайұлы.
Алматы қаласы18 Наурыз , 09:30

«Энергоүнемдеу саясатына сай жұмыс істей отырып, құрамына «Алматы электр станциясы» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ энерготасымалдаушысы мен «АлматыЭнергоСбыт» сату компаниясы «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы энергокешені тұрақты түрде энергоүнемдеу мәселесін насихаттайды», - дейді Н.Олжабайұлы.

«АлматыЭнергоСбыт» компаниясы 2014 жылы Алматы қаласы мектептерінде энергоүнемдеу сабақтарын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Н.Олжабайұлының айтуынша, «тұрмыста электр қуатын үнемдеу сырларын айтатын тұтынушыларға арналған арнайы брошюралар шығарылды».

«Біз үшін экологиялық қауіпсіздік қырлары өте маңызды. Олар Алматы қаласының орталығында орналасқан «АлЭС» АҚ ЖЭС-1 толық аудару мәселесін оң шешімін табуға септігін тигізді», - дейді Н.Олжабайұлы.

Оның айтуынша, алдағы экономикалық өсім отандық қуат көздерінің дамуымен тығыз байланысты.




Яндекс.Метрика