Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР Президенті мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан18 Наурыз , 09:10

«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2014 жылдың сәуір – маусымында және        қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар    2014 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын», - деп Жарлық мәтінінде жазылған.

 




Яндекс.Метрика