2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Қазақстанда 250 мыңнан астам жас ҚР-ның саяси партияларының мүшесі

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз орталығындағы «Қазақстан жастары-2013» Ұлттық баяндамасының таныстырылуы барысында «Жастар» ҰЗО ЖШС директоры Жанар Буканбаева қазіргі таңда Қазақстандағы 250 мыңдай жастың еліміздегі саяси партиялардың мүшесі болып табылатынын айтты.
Астана қаласы17 Наурыз , 17:59

«Қазақстандағы 250 мыңдай жастың еліміздегі саяси партиялардың мүшесі. Бұл жастардың 5,8%-ы. Ал жастардың тағы 33%-ы ірі ұйымдар мен ҚР кәсіподақтық федерацияларында. Республика бойынша 7-17 жас аралығындағы балалар ұйымдарының қамту көрсеткіші 42,6% құрайды. Соның ішінде 22,6%-ы 14-17 жас аралығындағы жоғарғы сынып оқушылары», - дейді Ж.Бұқанова.

Оның айтуынша, мемлекттік орган құрылымында барлық мемлекеттік қызметкерлердің 0,5%-ы жас толқынға тиесілі. Соның ішіндегі 70 пайызы орталық мемлекеттік органдарда қызмет етеді. Ал саяси қызметкерлердің үлес салмағы 2,3%.

«Айта кету керек, қазақстандық жастардың 53%-ы түрлі деңгейдегі сайлауларға ат салысқан. Жастардың ең көп көңілі толмайтын жағжайлардың бірі еліміздегі экономикалық және саяси ахуал», - дейді Ж.Бұқанова.

Сонымен қатар ол жастардың 42%-ы кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келетінін айта келіп, алайда бастапқы стартап капиталдарының жоқ екенін мәлімдеді.

«Солардың ішінде жастардың 17%-ы өз істерін ашқысы келгенімен, оны қалай бастау керектігін білмейді. Менің ойымша, бұл мәлімет біздің жастармен барынша молынан жұмыс істеу керектігінен хабар береді», - дейді «Жастар» ҰЗО директоры.




Яндекс.Метрика