2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

ҚР-да жастардың шамамен 50%-ы қазақстандық білім беру сапасына қанағаттанады – әлеуметтік зерттеу

Әлеуметтік зерттеу нәтижесі қазақстандық жастардың 47%-ы қазақстандық білім беру сапасына қанағаттанатынын көрсетті, дейді «Жастар» ҰЗО ЖШС директоры Жанар Бұқанова.
Астана қаласы17 Наурыз , 17:39

«14-18 жас аралығындағы жастардың қосымша білім беру ұйымдарымен орташа қамтылуының пайыздық көрсеткіші 11,34% құрайды, ал қалаларда ауылдарға қарағанда 30% артық. Әлеуметтік зерттеу нәтижесі қазақстандық жастардың 47%-ы қазақстандық білім беру сапасына қанағаттанатынын көрсетті», - дейді Ж.Бұканова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысатын жас толқынның саны күн санап артып келеді.

«Жастар арасындағы ғылым туралы айтар болсақ, 2011 жылмен салыстырғанда 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі 36%-дан 38%-ға артқан. Сонымен қатар 45 жасқа дейінгі ғалымдардың үлем саны 54%-дан 56%-ға артты», - дейді Ж.Буканова.

Оның айтуынша, жастар арасында кәсіпкерлікке әлеуметтік жауапкершілікке қатысу кеңейтілуде. Атап айтар болсақ жастарды кәсіпкерлікке тарту маңызды.




Яндекс.Метрика