Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Қ.Саудабаев жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы норвегиялық және халықаралық сарапшылармен кездесулер өткізді

Норвегияға сапары аясында ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның Төрағасы, «Назарбаев орталығы» директоры Қанат Саудабаев ядролық қаруды таратпау мен қарусыздандыру саласындағы норвегиялық және халықаралық саясаткерлер, сарапшылармен бірқатар екі жақты кездесу өткізді, деп хабарлады «Назарбаев орталығы».
Казахстан06 Наурыз , 00:00

«Қанат Саудабаев Норвегия Стортингінің (Парламентінің) вице-президенті Марит Нюбак, «Парламентарийлер ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру үшін» (ПЯНР) халықаралық ұйымының жаһандық үйлестірушісі Алын Варэ, сондай-ақ танымал америкалық әртіс, ядролық қарусыздандыру үшін қозғалысының белсендісі Мартин Шинмен кездесті», - делінген ақпаратта. 
«Мен Қазақстанға ядролық қарусыздандыру ісіндегі жүйелі үлесі үшін айрықша құрмет білдіремін», - деп атап көрсетті ПЯНР-дың тең президенті саналатын М.Нюбак. 
Оның пікірінше, екі ел ынтымақтастығының осы саласындағы, атап айтқанда, халықаралық форматтағы Қазақстан мен Норвегияның ынтымақтастығын өсіру және ары қарай дамыту керек. 
«Назарбаев орталығы» директорының А.Варэмен кездесуі барысында Қазақстанның ПЯНР-мен өзара әрекетінің практикалық аспектілері, 2012 жылы тамызда ҚР Парламенті Мәжілісімен «Назарбаев орталығы» және ҚР СІМ бірлесіп ұйымдастырған «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» халықаралық конференциясы талқыланды. 
Сұхбаттастар Ядролық қарусыз әлемнің Жалпыға ортақ декларациясы және «АТОМ» Жобасы сияқты Қазақстан Президентінің халықаралық бастамаларын ары қарай алға бастыру жоспарларын талқылады, осыған байланысты БҰҰ-ның белгілеуімен жыл сайын 29 тамызда атап өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы күрес күнінің маңыздылығына тоқталды. 
Осы күні делегация мүшелерінің Норвегия халықаралық қатынастар институтының (NUPI) директоры Ульф Свердруп, ПЯНР-дың тел-президенті, Шотланд Парламенті мүшесі Билл Кид және басқалармен кездесуі өтті. 
«АТОМ» Жобасының Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіковтың шығармашылығымен танысқан Б.Кидд "оның «Алғашқы жарылыс» сияқты картиналарында дәл және анық бір ғана – ядролық қару қатерлі, адамзат одан азат болу үшін күш-жігерін танытуы керек деген ой айтылатынын» атады. 
«Назарбаев орталығы» 2012 жылдың 23 қаңтарында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен көп функциялы, ғылыми-талдамалық, ағартушылық-гуманитарлық мемлекеттік мекемесі болып құрылған. «Назарбаев орталығы» гуманитарлық өзара әрекеттер мен озық ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламалары, сондай-ақ ағартушылық бастамалары негізіндегі даму мен бейбітшілікті нығайту мақсатын ұстанатын жетекші президенттік орталықтардың бірі болуды мақсат етеді. 
«АТОМ» Жобасы Шығыс Қазақстандағы Семипалатинскіде ядролық сынақтарды бастан өткерген адамдардың трагедиялық тарихын көрсететін ядролық қаруды сынауға қарсы жаһандық қоғамдық пікірлерді біріктіруге бағытталған халықаралық кампания.




Яндекс.Метрика