Өңірлер

ҚР-да 2015 жылдың шілде айына дейін 3500 мыңнан астам заңды тұлға энергоаудит өткізу керек - А.Рау

Қазақстанда 2015 жылдың шілде айына дейін 3500 мыңнан астам заңды тұлғалар энергоаудит өткізу керек, деп бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп өткен кеңесте ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бірінші вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.
Казахстан17 Наурыз , 17:35

«Электр энергиясын үнемдеу экономиканы жаңғырту құралы болып табылады, сонымен қатар, өндіріс, көлік сеткорында, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында да. Экономиканың энергия тиімділігін арттыру еліміздің үдемелі индустрилизациялауын есепке ала отырып энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», - деді А. Рау.

Оның айтуынша, елімізде ірі электр энергияны тұтынатындардың мемлекеттік энергетикалық реестр құрылған.  2013 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш реестрге 11 мың заңды тұлға алынды.

«Жалпы, 2015 жылдың шілде айына дейін заңға сәйкес 3500 мыңнан астам заңды тұлғалар энергоаудиттен өтіп, нәтижесі бойынша бес жылдық энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жоспарды құрып және жүзеге асыру керек. Айта керлік жайт, бүгінде 28 компания тіркелген», - деді ол.

Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап барлық ірі өндірістік кәсіпкерліктер энергоменеджмент жүйесін енгізеді.

А.Раудың айтуынша, энергияүнемдеу бойынша жүргізіліп отырған саясат қазірдің өзінде өзінің жемісін беріп отыр.

«Өздеріңізге де белгілі, ҮИИД МБ-ның бірінші бесжылдығында Президент энергосыйымдылықты ЖІӨ-нің 10 пайызына дейін түсіруді тапсырған. Қазіргі таңда аталмыш көрсеткіш 13%-ға жетті. Сонымен қатар, экономикалық өсім кезіндегі электр қуатын пайдалану бойынша электрүнемдеу нәтижесі, халық саны мен өндірістік өнім, электр қуатын тұтыну деңгейі 2013 жылы 2012 жылға қарағанда 2 пайызға төмен», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында 2050 жылға дейін жалпы ішкі өнімнің қуат тұтыну көлемін екі есеге дейін арттыруды тапсырған.




Яндекс.Метрика