Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Қазақстандық өндірушілер Жапониядағы көрмеге қатысты

Жапония қаласы Токиода өткен азиялық-тынық мұхиттық FOODEX 2014 сусын мен тағам өнімдері көрмесінде үш қазақстандық компания – «Сезам Эко», Sun Bee мен «Маслодел» май өнімдері мен қазақстандық бал сұрыптарын таныстырды.
Әлемде17 Наурыз , 17:20

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция ұлттық агенттігі» АҚ хабарлауынша, көрменің 4 күндік жұмысында кәсіпкерлер әлеуетті шет елдік әріптестерімен 100 шақты келіссөз ұйымдастырды.

Қазақстан өнімдері жапон және азиялық компаниялардың айтарлықтай қызығушылығын тудырды. Қазақстандық «Сезам Эко» компаниясыныңBonne сауда маркасының арнайы майы үлкен сұранысқа ие болды. Ал «Sun Bee» ЖШС-нің қазақстандық балын өндірушілер Жаңа Зеландия, Индонезия, Тайвань елдерінен бал тасымалдайтын Жапония дистрибютері мен сатып алушыларымен келіссөз жүргізді. «Маслодел» компаниясының май өнімі өз кезегінде өзінің ерекше қасиетінің арқасында азия елдерінде кеңінен таралған.

FOODEX көрмесінің 40 жылдық тарихында Қазақстан алғаш рет қатысып отырған жоқ. Жапонияның сыртқы сауда бойынша қос ұйымы Kaznex Invest мен Jetro арқасында осындай шараларға араласып отыр. Jetro жапон нарығына экспорт шығару мүмкіндігін алып беретін бағдарламалардың бірі болып табылады.

«Біздің өнім Жапония нарығында айтарлықтай беделге ие болады деген үмітіміз бар. Олар ең алдымен экологиялық тазалығы мен сапасына үлкен мән береді. Жапон тұтынушылары үшін өнімнің табиғилығы мен пайдалылығы өте маңызды. Осы орайда біздің өнім барынша бәсекеге қабілетті», - дейді Kaznex Invest компаниясының атқарушы директоры Жәлил Болатов.

Осы мүмкіндіктерді ескере отырып, Қазақстан Жапония нарығына барынша млолынан отандық өнімдерін шығаруға мүмкіндік алып қалуы керек. Біріккен жоспар бойынша келер жылы Қазақстан өнімдері аталыш көрмеде көптеген өзге де шет елдер секілді ұлттық тақтайша құрмақ.




Яндекс.Метрика