2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Жастар» ҒЗО: Қазақстан жастары 20-28 жас аралығында отбасы құрады

Қазақстанда отбасы құратын жастар 20-28 жас аралығында болып келеді. Бұл туралы «Қазақстан жастары-2013» ұлттық баяндамасының таныстырылымында «Жастар» ҒЗО ЖШС директоры Жанар Бұқанова мәлімдеді.
Астана қаласы17 Наурыз , 17:12

«Жастардың демографиялық  сипаттамасын  некеге отыру көсеткіші анықтайды. Бүгінде жастар арасында  неке құратын жастар 20-24, 25-28 жас аралығында. Көп жағдайда 25-28 аралығындағы жастар арасында ажырасу болып тұрады», - деді Ж. Бұқанова.

Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу орталықтың директоры қазақстандық жастар арасындағы өлім-жітім туралы да айтып өтті.

«Ер адамдар әйелдерге қарағанда өмірден ерте өтеді, 19-28 жас аралығында өлім ерлер арасында белең алса, қыздар арасында ерте кезде болады. Олардың көп бөлігі улану, апатты жағдай жарақат алу салдарынан болады. 24-28 жас аралығында – ішек құрылыстар ауруы, қан айналу жүйесі аурулары жатады», - деді ҒЗО директоры.

Ж. Бұқанованың айтуынша, демографиялық мінездің бірі миграция болып есептеледі.

«Осы орайда айта кету керек, қыздар ерлерге қарағанда ширақ болып келеді. Олардың ширауы 19-23 аралығында жақсы дамыған. Ішкі оң оқиға Астана, Алматы, Алматы, Маңғыстау облыстарында қалыптасқан, қалған аймақтарда кері сальдо орын алған», - деді ол.




Яндекс.Метрика