Халықаралық интеграция

Брюсселде ҚР мен ЕО ынтымақтастығын кеңейту бойынша келіссөздердің 5 кезеңі өтеді

2014 жылдың наурыз айының 17-19 аралығында Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуроодақтың ынтымақтастығын кеңейту бойынша жаңа келісімді талқылау үшін келіссөздердің 5 кезеңі өтеді.
Астана қаласы17 Наурыз , 16:40

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің хабарлауынша, аталмыш келісім аясында Қазақстан мен ЕО елдер арасындағы ынтымақтастық диапазонын кеңейтпекші.

Айтарлықтай қызығушылықты жаңа Келісім аясында сауда-инвестициялық  және экономикалық бөлімді жаңғырту тудырып отыр. Оған сәйкес Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына алдағы уақытта кіру  қарастырылған, сонымен қатар, Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында тереңірек бірігуде ескерілген.

Қазақстан мен ЕО Келісім аясында жаҺандық бәсекелестік және тараптардың геосаяси қызығушылығын ескере отырып жаңа мықты құқықтық базаны құруды көздейді. Бұл жоғары деңдейдегі кездесу Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевпен Еуропалық Коммиссияның төрағасы Ж.М. Баррозудың 2013 жылдың маусым аясында Қазақстанға іс-сапары аясында және 2014 жылдың қаңтар айында Давосс форумынының кеңістігінде бекітілді.

Жаңа Келісімді даярлау ЕО үшін осы саладағы алғаш шешім болды. Ал, Қазақстан Орталық Азиядағы ЕО-пен сапалы диалогқа көшкен жалғыз мемлекет.

Келіссөздердің 5 кезеңі аясында жаңа Келісімнің «экономикалық және тұрақты даму саласы бойынша ынтымақтастық» туралы 4-ші бөлімін және «қаржылай ынтымақтастық» туралы 8-ші бөлімін талқылау жаспарланған.




Яндекс.Метрика