Өңірлер

«Нұр Отан» партиясы «Тұнық тариф» жобасын іске қосады

Астанада ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясы жанындағы экономикалық саясат кеңесі мен «Нұр Отан» партиясының «Инновациялық экономика» сайлауалды платформасы бағыты бойынша сараптамалық топтың бірлескен отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан 17 Наурыз, 16:20

«Жалпы, өткізіліп жатқан энергетикалық қамтамасыз ету саясаты қазірдің өзінде нәтиже беріп жатыр. Елдің ЖІӨ энергосиымдылығы 2008 жылғымен салыстырғанда 13,5% төмендеген. Осылайша ЖІӨ-нің энергетикалық сиымдылығын 10% азайту бойынша ҮИИД МБ мақсатты индикаторы жоспардан артығымен орындалды», - дейді ҚР индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау.

Сонымен қатар, аталмыш шарада инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мен дайындау процестерінің ашықтығы деңгейін мүмкіндігіне жету мен табиғи монополиялар субъектілері қаражаты шығынын бақылауды күшейтуге бағытталған «Тұнық тариф» жобасы талқыланды. Бұл өз кезегінде жеке тұлғалар үшін коммуналдық қызмет тарифін құруда ашықтық деңгейін арттырады.

Жоспар бойынша, жобаның жұмысы екі бағытпен жүзеге асырылатын болады:

Біріншіден, табиғи монополиялар субъектілері қаражаты шығынын бақылауды күшейту керек. Осыған орай қоғамдық тексеріс жүргізу мен тәуелсіз кәсіби сараптама тарту бойынша коммуналдық қызмет көрсету саласында инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мен дайындауда азаматтық бақылау механизмін іске асыру дамитын болады.

Екінші бағыт тариф өзгерісі мен жаңғырту жұмыстары бойынша монополист компаниялардың жоспары туралы халықтың ақпараттануын артуын қамтамасыз етеді. Оның іске асырылуы үшін қоғамдық бақылау құралдары тартылатын болады.

«Коммуналдық қызмет құны реттеле отырып көтеріледі. Осыған орай халықтан бірқатар шағым да келіп түседі. Тариф белгілеуде ашық деңгейін арттыру үшін біз диалог алаңына сарапшыларды шақырмақшымыз. Онда халық пен монополист компаниялар мәселені жан-жақты талқылай алады», - дейді «Нұр Отан» партиясы баспасөз хатшысы Эльдар Сыздыков.





Яндекс.Метрика