2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Қазақстанның қаладағы жастар саны 55% құрайды - «Жастар» ҒЗО

Қазақстанда 2013 жылдың басында қаладағы жастардың саны 55% құрады. Бұл туралы бүгін «Қазақстан жастары - 2013» ұлттық баяндамасын таныстыру барысында ҒЗО «Жастар» ЖШС директоры Жанар Бұқанова мәлім етті.
Нұр-Сұлтан17 Наурыз , 16:33

«Қазақстанда 2013 жылдың басынан бері 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 4 млн. 656 мың адамнан астып, олардың 55% қала жастары, 44% ауыл жастарын құрады», - деді Ж. Бұқанова.

Оның айтуынша, 2013 жылы ауыл жастарының саны 2011 жылмен салыстырғанда 2%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, ғылыми зертеу орталығының директоры атап өткендей, бүгінгі таңда республика бойынша елдімекендерде әйел адамдарына қарағанда ер азаматтар көбірек.

«Егер ауылдарда тұратын халықтың жынысы туралы айтатын болсақ ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек. Ал, республикалық маңызды қалаларда жігіттерге қарағанда қыздар басым. Алматыда 10% және Астанада 6%», - деді Ж. Бұқанова.




Яндекс.Метрика