Халықаралық интеграция

Н.Нығматулин мен Түркия Парламентінің төрағасы алдағы ТүркПА жиыны мәселелерін талқылады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Женевада өтіп жатқан Парламентаралық Одақтың 130—шы Ассамблеясы аясында Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының төрағасы Джемиль Чичекпен кездесті.
Әлемде17 Наурыз , 16:00

Мәжілісте хабарлағандай, жүздесу барысында тараптар екі елдің негізгі сыртқы саяси әріптес екенін алға тарта отырып, ауқымды мәселелерді сөз етті. Кездесу иелерінің айтуынша, Қазақстан мен Түркия басшылары екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға айрықша ықпал етіп келеді. 

Сондай-ақ, достық қарым-қатынасты дамытуда қос мемлекеттің заңнамалық органдары да салмақты үлес қосуда. 

Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Келісім екіжақты байланыстың тереңдеуіне тың серпін беріп, парламенттердің өзара іс-қимылының беки түсуіне жол ашты. 

Нұрлан Нығматулин  мен Джемиль Чичек түркітілдес мемлекеттер парламенттік Ассамблеясының алдағы жиынына дайындық жағдайын да  талқылады.

ТүркПА-ның V жиыны осы жылдың 11-13 маусым аралығында Баку қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика