Халықаралық интеграция

ҚР, РФ, ҚР Тәжікстан мен Қытай қорғаныс министрлігінің өкілдері «Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдерін талқылады

Астанада шекаралық аудандарда Қарулы Күштерді қысқарту өзара сенім шараларын нығайту жөніндегі «Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдерін жүзеге асыру бойынша өңірлік тәжірибе алмасу семинарлары өтуде.
Нұр-Сұлтан17 Наурыз , 15:45

Ведомствода хабарлағандай, аталған халықаралық семинарға Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан мен Қытай Халық республикасы, сондай ақ Қарулы Күштер мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысуда.

Семинар Бірлескен Бақылау Тобының  29-шы сессиясында Қытай және Бірлескен Тараптар (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей  және Тәжікстан) делегациялары басшыларының шешіміне сәйкес өткізілуде.

Делегаттар екі Келісімнің инспекциялық және ескерту қызметінің сенім шараларын нығайту және Қарулы Күштер мен ҚХР Бірлескен Тараптардың Шекара қызметінің шекара маңындағы аудандардағы бөлімдерінің өзара ынтымақтастығы жөніндегі негізгі ережелерінің орындалуын талқылауда. 

«Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдері бойынша шекараның екі жағында жүз шақырым қашықтықта орналасқан жеке құрамның саны, техника, қару-жарақ жөнінде әскери ақпарат алмасу қарастырылады. Бастапқы кезеңде бұл Келісімдер қазақстан шекара аудандарының Шығыс учаскесінде Ресей Федерациясымен, сондай-ақ Батыс учаскесінде Қырғызстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында  тұрақтылықты сақтау факторы ролін атқарды. Аталған Келісімдер әскери инспекциялармен алмасу сияқты сенім шараларын қарастырады.

2003 – 2013 жылдар аралығында өзара 60-тан астам инспеция жүргізілді. Семинар аяқталған соң оқу инспекциясы Қазақстан Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің бірінде өткізілетін болады.

«Бұл инспекциялар достық рәуіште өтуде. Себебі, біз жыл бойына алмасқан ақпараттар кейін тиімді инспекциялармен бекітіледі. 2000 жылдан бері бірде бір ел аталған Келісімді күтпеген оқу-жаттығулар өткізу, жеке құрамды, қару-жарақ пен техниканы арттыру арқылы бұзған емес», - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрліг жанындағы қару-жарақты қысқарту және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың бастығы полковник Амаенгелді Әубәкіров.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы «Мәскеу» және «Шанхай» Келісімдерін іске асыру үшін құрылған Бірлескен бақылау тобының төрағасы болып табылатынын атап өткен жөн. Ағымдағы жылғы мамыр айынның ортасында Қазақстан Қорғаныс министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Бірлескен бақылау тобының кезекті мерейтойлық 30 сессиясын өткізеді.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика