Ұлтаралық бірлік

Т.Ширмер: Жаңа қазақстандық патриотизм – елдің мақтанышы мен жетістігі

Жаңа қазақстандық патриотизм – елдің мақтанышы мен оның жетістігі, дейді Астана қалалық «Оберег» украин қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тамара Ширмер.
Нұр-Сұлтан17 Наурыз , 15:20

«Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын үлкен шабытпен қабылдады. Патриоттық актінің негізінде біріңғай барлық ұлттың мүддесімен ұштасқан ұлт қалыптастыру идеясы жатыр. «Мәңгілік Ел» идеясы қоғамның барлық мүшесі тарапынан үлкен қолдауға ие», - дейді Т.Ширмер.

Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру мен оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің өкілдік етуі мемлекеттің ұлттық саясатының жетістігі болуымен қатар барлық этномәдіни бірлестіктер қызметінің де еңбектерінің жанғаны.

«Этникааралық келісім біздің ортақ үйіміздегі ортақ мақсатымыз. Діндер мен мәдениеттердің өзара түсіністігі мен диалогы барлық әлемдік қауымдастықтар тарапынан әділетті түрде бағаланып отыр. Біздің мемлекетіміздің тұрақты дамуы жылдарында барлық қазақстандықтардың басын біріктіретін басты құндылықтар қалыптасты. Олар тқрақтылық пен толеранттылық. Жаңа қазақстандық патриотизмнің басты негізі де осында жатыр», - дейді қоғамдық бірлестік жетекшісі.

Жаңа қазақстандық патриотизм – бәрінен бұрын елімізді мақтан тұту мен оның жетістігімен масаттану, дейді Тамара Ширмер.

«Осы қасиеттерді біз өзіміздің ұрпағымызға сіңіруіміз керек. Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясыбейбіт ел, гүлденген қала мен тұрақты қоғамды сақтап қалуда қызмет етеді», - дейді.

 




Яндекс.Метрика