Халықаралық интеграция

2015 жылы Қазақстан ТМД мемлекеттерінің Туризм жөніндегі кеңесіне төрағалық ететін болады

2015 жылы Қазақстан ТМД мемлекеттерінің Туризм жөніндегі кеңесіне төрағалық ететін болады. Бұл туралы Мәскеу қаласында «ТМД және өзара іс-қимылдардың жаңа ауқымдары» атты халықаралық экономикалық форумында ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев айтты.
Әлемде17 Наурыз , 15:10

ҚР ИЖТМ-де хабарлағандай, форум шеңберінде ТМД мемлекеттерінің-қатысушыларының Туризм жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. 2014 жылдың төрағалық лауазымына Белорусия Республикасы сайланды.

2014 жыл ТМД-да туризм жылы ретінде жариялғаны белгілі болды.Туризм жөніндегі Кеңес және дөңгелек үстел шеңберінде, 23014 жылы  «Тәуелсіз Мемилекеттер Достастығында Туризм жылына»  және ТМД  Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 2013 жылғы 20 қарашасындағы шешімімен бекітілген туризм саласында ТМД мемлекеттерінің 2020 жылға дейінгі кезеңде ынтымақтасуды дамыту стратегиясын іске асыруға арналған    акциялар өткізу мәселелері пәндік түрде қаралды. ТМД  аткомының  жұмыстарын  жарыққа шығаратын «Мир» телеарнасы туризм жылына арналған айдар құруға ниеттеніп отыр.

 «2015 жылы ТМД мемлекеттерінің туризм жөніндегі кеңесіне төрағалық ететін болады. Қазақстандық тарап Туризм жылы жөніндегі іс-шаралар жоспарына барлығы 20 тармақ енгізді. Іс жүзінде Республиканың барлық өңірлері осы бастаманы қолдап, өздерінің іс-шараларын ұсынды», - деді ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев.

Айта кетейік, ТМД мемлекеттерінің-қатысушыларының Туризм жөніндегі кеңесі 1994 жылы құрылған. Оның құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина өкілдері енеді.Кеңес негізгі назарын ТМД мемлекеттерінің туризмдерін дамытудың біріңғай стратегиясын өндіруге, туристік саясатты іске асырудың негізгі бағыттарын келісуге бөледі.

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика