Инвестициялар

«ҚазАгро» Қызылордаға 5 млрд теңгеден астам инвестиция салмақ

«Қаз Агро» ҰБХ» АҚ-ның өкілдері Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болып, өңірде жүзеге асырылатын жобаларды талқылады. Биыл аталған қаржы институтының қолдауымен 3 күріш өңдеу кешені және 2 бордақылау алаңы салынады. Барлығының жобалық құны 2 800,1 млн. теңгені құрайды.
Қызылорда17 Наурыз , 15:00

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, бірінші жартыжылдықта Сырдария ауданындағы «Ақжарма-1» шаруа қожалығының сағатына 2,5 тонна күріш өңдейтін кешені іске қосылады. Жоба құны 35 млн. теңге. Сондай-ақ, облыс орталығында 199 басқа арналған бордақылау алаңы пайдаланылуға беріледі.

 Ал екінші жартыжылдықта Қазалы ауданында бордақылау алаңы, Жалағаш пен Қызылорда қаласында сағатына 12 тонна күріш өңдейтін кешен жұмысын бастайды.

Сонымен қатар, «СырдарияАгроинвест» ЖШС жалпы құны 3 289 млн. теңге құрайтын жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын салады. Қазіргі таңда фабрика құрылысын салуға қажетті жермен қамтамасыз ету мақсатында өңірлік үйлестіру кеңесінің эксперттік комиссия отырысына 30 га жер бөлу жөнінде ұсыныс берілді. Құс фабрикасын қаржыландыру және құрылысын бастау наурыз айына жоспарланған.

 

 




Яндекс.Метрика