Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

400 мыңнан астам мүгедектің 20 пайызы жұмыс істейді – Т. Дүйсенова

Қазақстанда 400 мыңнан астам мүгедектің 20 пайызы жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Астана қаласы 17 Наурыз, 14:05

«Маңызды бағыттардың бірі – мүгедектерді жұмысқа орналастыру. Еңбекке қабілетті жастағы 400 мыңнан астам мүгедектің бүгінде 20 пайызы жұмыс істейді, тағы 30 пайызы еңбек ете алады. Қазіргі уақытта барлық өңірлерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру картасы әзірленіп жатыр. Бұл жұмыста азаматтардың мүгедектік деңгейі, білімі мен кәсібі ескеріледі», - деді министр.

Оның айтуынша, мүгедектерді жұмысқа орналасуға жұмыс берушілер тартылады.

« Мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша республикалық карта әзірленеді. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарды қоршаған ортаға бейімдеп, жұмысқа тұру жағдайына септігін тигізеді», - деді министр.

 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика