Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Т. Дүйсенова: ЕХӘҚМ 2 жыл ішінде мүгедектердің әлеуметтік жәрдемақы көлемін 50 пайызға дейін көтереді

ЕХӘҚМ 2 жыл ішінде мүгедектердің әлеуметтік жәрдемақы көлемін 50 пайызға дейін көтереді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Астана қаласы17 Наурыз , 14:00

Оның айтуынша, әлеуметтік жәрдемақыны көтеру үрдісі 2 деңгейден тұрады. 2014 жылдың 1 мамырынан бастап ол 12 пайызға, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 25 пайызға көтеріледі.

«Осы екі жыл ішінде мемлекеттік әлеуметтік  жәрдемақы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 50 пайызға деген көтеріледі. Мәселен, егер де I топ мүгедегі 25 мың теңге алып жүрсе, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 38 мың теңге болады. Осыған тағы мемлекеттік ақылар қосылып оның құны 40 мыңға жетеді», - деді ол.

Екінші бағыт, ол кедергісіз орта құру. Оның пікірінше, жұмыс орындарындағы бейімделу және тұрақталу үрдісіне көңіл бөлу қажет.

Паспортизация 18,7 мың нысанға жүргізілді, оның 15 мыңы бейімделушілікке зәру болып отыр.

«2014 жылы ЖҚЖК аясында жергілікті бюджет тарапынан  7,8 нысан бейімделуде, ол 1008 нысанды құрайды. 197 нысан ЖҚЖК аясында іске асырылатын жарты блік болып есептеледі», - деді министр. 




Яндекс.Метрика