Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіру барысында олардың қызметтік еңбекақысы ескеріледі - Т.Дүйсенова

Азаматтық қызметкерлерге жалақысын өсіру барысында олардың қызметтік еңбекақысы ескеріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
Астана қаласы17 Наурыз , 13:30

«Бірінгі кезең - ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап азаматтық қызметкерлердің екбекақысының үстіне 10% көлемінде үстемақы қосып отырмыз, бұл үстемақыны азаматтық қызметкерлер, біліктілігі жоқ немесе штаттан тыс жұмысшылар алатын болады. Бүгінде олар 1,5 млн. жуық адам. Осы көтеруге қажет қосымша қаржы қазіргі таңда 63,4 млрд. теңгені құрап отыр. Менің айта кетейін дегенім, жалақыны өсіру кезінде біз жұмысшының қызметтік еңбекақысының көлеміне қарайтын боламыз», - деді Т. Дүйсенова.

Ол атап өткендей, базалық қызметтік еңбекақы дегеніміз ол есептік еңбекақыны шығару үшін қолданылатын бірлік, ал, ол 17 796 теңгеге тең.

«Біз жалақыны қызметтік еңбекақысынан өсіреміз. Мысалы, бүгінде ауылда тұратын бірінші дәрежелі дәрігер-терапевт 80,5 мың теңге көлемінде жалақы алатын болса, осы 80 мың теңгенің 60 мыңы оның қызметтік еңбекақысы. Ал, қалған 21 мың теңгесі оның қосымша атқарған қызметі мен категориясы үшін беріледі және біз оның 60 мың теңгеге яғни қызметтік жалақысына арақатынасын белгілейміз. Осылайша, аталмыш дәрігер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 86 мың теңге көлемінде жалақы алатын болады», - деп Т. Дүйсенова мысал келтірді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, екінші кезең 2015 жылдың 1 шілдесіне жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы азаматтық қызметкерлердің жалақысын төлеудің жаңа жүйесін енгізуді тапсырған болатын.

«Биылғы жылғы өсірулерді есепке ала отырып жаңа жүйеге көшу денсаулық саласында 36%-ға, білім саласында 40%-ға, өзге салаларда 25%-ға дейін жалақыны өсіреді. Алдын-ала есептеулер бойынша, екінші кезеңді жүзеге асыру үшін қосымша 124 млрд. теңге қажет», - деді Т. Дүйсенова.




Яндекс.Метрика