Адами капитал

Т. Дүйсенова: ҚР-да мемлекеттік төлемақы алушылардың саны 4 млн-нан астам адамды құрайды

Қазақстанда мемлекеттік төлемақы алушылардың саны 4 млн-нан астам адамды құрайды.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі брифингінде ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті.
Нұр-Сұлтан17 Наурыз , 12:57

 «Депутаттардың қарауына ұсынған әлеуметтік пакетке әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың барлық санаты кіреді. Олардың нақты саны 4 млн. адамды құрайды. Ал осы мақсат үшін біз бюджетте 53,4 млрд. теңге қарастырып отырмыз», - деді министр өз сөзінде.

Бұл соманың 51,3 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаларға жұмсалса, 2,1 млрд. теңге сома балалар жәрдемақысы мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға арналған атаулы әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға нысанды трансферттер ретінде бөлінеді.

«Еңбек зейнетақылары 14% дейін, барлық жәрдемақылар 12% дейін ұлғайтылады. . Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап базалық қана емес, бір реттік жәрдемақылардың да мөлшері ұлғайтылады деп күтілуде», - деді Т. Дүйсенова.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық әлеуметтік жәрдемақыларды көтеруді қарастырған жаңа заң жобасын Парламенттің қарауына енгізді.

 




Яндекс.Метрика