Өңірлер

«Единая Россия» «Нұр Отанды» 15 жылдығымен құттықтады

«Единая Россия» партиясының Жоғары кеңесінің Төрағасы Борис Грызлов өзінің құттықтау сөзінде құрылғаннан бергі қысқа уақыт ішінде «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның саяси өмірінде көшбасшы орынға ие болғанын атап өтті.
Астана қаласы17 Наурыз , 12:32

«Осы жылдар  аралығында жасампаздық және ұйымдастырушылық әлеуеттін, жұмыс істеу тәжірибесін жинақтаған «Нұр Отан»  Қазақстан азаматтарының мүддесі үшін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шеше алатын дәрежеге жетті», – деді Б. Грызлов.  

Құттықтауда сондай-ақ партиялар арасында өзара іс-қимылдың сенім, бір-біріміздің ұстанымызға деген құрмет, Қазақстан мен Ресей халқының мүддесі үшін бірлескен жұмыстың нақты нәтижелеріне жетуге деген ұмтылыс негіздеріне құрылып отырғаны айтылған, деп «Нұр Отан» партиясының ресми сайты хабарлады.

«Елдеріміздің халқына тарихи достық пен тату көршілік дәнекер болып келеді. Ендеше, «Единая Россия» партиясы мен «Нұр Отан» партиясы арасындағы қарым-қатынас стратегиялық әріптестік сипатына ие», – деп атап өтілген хабарламада.



 




Яндекс.Метрика