Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Елордада жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда тіркелген жұмыссыздар деңгейі 2012 жылдың үшінші тоқсанында 5,6%-ды құрады. 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (5,8%) ол 0,1 пайызға азайып, 9 айдың қорытындысы бойынша 5,7 %-ды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2010 жылғы 11,2 %-дан 2011 жылы 9 %-ға дейін төмендеді.
Астана қаласы23 Желтоксан , 00:00

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлағандай, әлеуметтік қорғаудың пәрмендік шараларымен 10 548 адам (84,3 %) қамтылды. Жұмыссыздар қатарында мамандығы жоқ жұмыс күшінің көптігі ескеріліп, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға баса назар аударылды. Қала әкімдігінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі қаулысына сәйкес түрлі меншіктегі 135 кәсіпорынмен келісім шарт жасалды. Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға 3144 жұмыссыз қатысып, оның 1380-і сабақтан бос уақытта жұмыс істеген жастар болды. 

Кәсіптік оқуға –1335 адам, олардың – 491-і Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жіберілді. Жастар тәжірибесіне 692 адам, олардың 347 адамы Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында жолданды; халықтың мақсатты топтары үшін 362 әлеуметтік жұмыс орны ашылса, оның 224-і – Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы бойынша.

Биылғы жылдың басынан бері экономиканың түрлі саласында 16 899 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмыссыз қалған 998 адам ( 2010 жылы – 2 471, 2011 жылы – 2 059) жәрдемақы алды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика