Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Атырауда «Каспий қайраңын дамыту» атты халықаралық мұ­най-газ конференциясы өтті

Атырауда «Каспий қайраңын дамыту» атты халықаралық мұ­най-газ конференциясы өтті, деп хабарлайды "Стратегия 2050" ресми сайты.
Атырау22 Маусым , 00:00

Осымен үшінші рет ұйым­дас­тырылып отырған ауқымды шараға мұнай-газ саласының білгір мамандары, саясаткерлер, экономистер қа­тысты. Форумға жиналғандар – «Кас­пий теңізіндегі кен орындары жобасын сәтті жүзеге асыруға арналған заманауи технологиялар» атты та­­қы­рыпты талқыға салып, атал­мыш сектордың артық-кем тұстарын та­разылады.

Қайраңды игеруде қазіргі инновациялық технологиялар­­дың ерекше рөл атқаратынын айтып, бұл ретте мұнай-газ саласында соң­ғы же­тістіктерді тілге тиек етті. Мәжі­лістің келесі күнінде Каспийдегі өңірлік жобалар, оның ішінде – Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы шельф­тік кен орындарын әзірлеу, теңіздің ре­сейлік секторындағы шельфтік кен орындарын игеруді ілгерілету тура­лы ұсыныс айтылды.

Осы орайда Ха­лықаралық энергетика агенттігінің (IEA) атқарушы директорының орынбасары Ричард Джонс әлемдік мұ­най өндіру саласында Каспий өңірі­нің ықпалы артып келе жатқанын ай­тып: «Жергілікті мұнай өндірісі әлі біраз уақытқа дейін тәулігіне 2,93 млн. баррель деңгейін сақтап тұрады», – деді. 




Яндекс.Метрика