Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

СҚО-да денсаулық сақтау нысандарының құрылысы үшін 3 млрд-тан астам қаражат бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында биыл денсаулық сақтау нысандарының құрылысы үшін 3 млрд-тан астам теңге бөлінді, деп хабарлайды облыстық құрылыс басқармасы бастығының міндетін атқаруы Ратмир Усманов.
Солтүстік Қазақстан06 Наурыз , 00:00

«Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы үшін 2013 жылы республикалық бюджеттен 2872,6 млн теңге және облыстық бюджеттен 573,4 млн теңге қарастырылған», - деп хабарлады Ратмир Усманов. 
Бөлінген қаражатқа Есіл ауданы Явленка ауылындағы, М.Жұмабаев ауданына қарасты Булаево қаласындағы және Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласынндағы бір ауысымда 250 адам қабылдай алатын 3 аудандық емхананың құрылысы аяқталып, Аққайың ауданындағы Смирнов ауылындағы бір емхананың құрылысы жалғасатын болады. 




Яндекс.Метрика