Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

ОҚО-да бес мыңдай адам түрмеден босатылды

Биыл жазасын өтеу орындарынан жалпы саны 700-ден астам сотталушы шығарылған. Олар Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай рақымшылыққа іліккен.
Оңтүстік Қазақстан22 Желтоксан , 00:00

Биыл 772 адам бостандықтың таңын көріпті. 2011 жылы да осынша азамат рақымшылыққа іліккен екен. Департамент мамандарының мәліметіне сүйенсек, солардың барлығы түгел жұмыспен қамтылған.

ОҚО ҚАЖ департаменті мамандандырылған есепке алу бөлімінің аға инспекторы Айнұр Әділбекованың айтуынша, 2012 жылдың 11 айында еңбекке жарамды сотталғандар саны 1516, ал 2011 жылы 1833 адам болған. Оның ішінде ақылы жұмыспен қамтылғандар 680 адам. 2012 жылы 752 адам болған. Яғни ақылы жұмысқа орналасқандардың саны 41 пайыздан 45 пайызға өсіп отыр. Айыпты болғандар «Қайнармай», «Батсу», «Су ресустары», «Қазақ елі» және «Югасар» мекемелерінде жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүр.

Темір тордан босағандарды жұмыспен қамту үшін департамент жетекшілігі облыс әкімшілігімен келісімге тұрған. Таяуда «Шымкент» әлеуметтік-кооперативтік кешен», «Оңтүстік» сынды өндіріс орындарында жаңа жұмыс ашылмақ. Мамандардың айтуынша, бұрын абақтыда болғандар қай қалаға жұмысқа барса да қырағы қадағалау мен берік бақылауда болады.




Яндекс.Метрика