Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Қазақстанда 3 млн-нан астам га ауыл шаруашылық алқаптары пайдаланылмай жатыр - Өңірлік даму министрлігі

Түгендеудің бірінші кезеңі бойынша пайдаланбай жатқан учаскелердің шамамен 3 млн. га ауыл шаруашылығы алқаптары анықталған, деп хабарлады Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында.
Казахстан09 Сәуір , 00:00


«Пайдаланбай жатқан учаскелердің шамамен 3 млн. га ауыл шаруашылығы алқаптары анықталған, олардың 400 мың га егістік жер», - деді Қ.Өскенбаев.  

Вице-министрдің мәліметінше, пайдаланбай жатқан учаскелердің 50%-дан көбін шамамен 1,5 млн.га алаңындағы шаруа қожалықты жүргізу үшін берілген жерлер құрады, оның ішінде: 407,3 мың га – егістік жерлері, оның 200 мың га өнімділігі төмен болып табылады.
Сонымен қатар, суарылатын жерлердің суару желісінің техникалық жай-күйі тиісті деңгейде емес екені анықталды. Олардың 60%-ын қайта жаңарту, ішінара шығынға жазу қажет, жайылымдарда суландыру құрылыстарының көздері жетіспейді, 14 мыңнан аса осындай көздер тексерілді, олардың шамамен 80%-ын қайта жаңарту, күрделі жөндеу немесе шығынға жазу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2012-2014 жылдарға көзделген айналымға енгізілген ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу басталған болатын.
Тексерілетін учаскелердің үлкен көлемін ескере отырып, көрсетілген түгендеуді жүргізу үш жылға бөлінген болатын және өткен жылы ол 31 млн. га аса алаңда жүргізілді.
 




Яндекс.Метрика