Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

ОҚО-да ана өлімі 37 пайызға артып отыр

Ана өлімі биыл азаймақ түгілі, өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға өсіп отыр. Биыл жүктілік кезінде онан соң қайтыс болған 16 жағдай тіркелген. Ал бала өлімі Түркістан, Кентау, Қазығұрт, Сайрам, Төлеби, Отырар, Шардара аудандарында орын алды. Бұл жайында облыс әкімдігінде өткен үйлестіру кеңесінде айтылды.
Оңтүстік Қазақстан22 Желтоксан , 00:00

Ал қазан айында аман есен аяқ қолын бауырына жинаған Қазығұрт ауданының тұрғыны бір күннен соң қаза болғанын айтқан болатынбыз. Бүгін ананың өлімі дәрігерлердің салғырттығынан екендігі анықталды.

Салтанат Жабағиева, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары: » Бұл ана өлімі Қазығұрт аудандық ауруханасы емханасының деңгейінде жіберілген кемшілік. Жүктілік кезінде науқас жағдайына толық мән берілмеген. Интергенетикалық интервал сақталмаған. Медициналық құжаттар толық сақталмаған. Ана денсаулығының жайы дер кезінде бас дәрігерге, денсаулық сақтау мамандарына хабарланбаған. Неанотолг баланың жағдайын ескермеген. Ал олардың өлімін алдын алу мүмкін болған».

Естеріңізде болса, Қазығұрт ауданының тұрғыны 25 жастағы келіншек жергілікті ауруханаға барған соң, 4 сағаттан кейін сәтті босанған болатын. Дүниеге әкелген ұлының салмағы 3 келі 400 грамм болатын. Соңынан дәрігерлердің мәлімдеуінше, жаңа туған ананың іші бүріп ауырып, оған ота жасалынған. Операция сәтсіз аяқталып, келіншек бақилық болды. Артынан сәбиі де шетінеді.

Мәлімдемені тыңдаған облыс әкімінің орынбасары мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы алғашқы көмек көрсету, жүргізілетін тренинг, скринингтьерді үзбейу қажеттігін қадап айтты. Уақытылы, сапалы қызмет көрсете алмаған дәрігер мен басшылар жауапкершілікке тартылады.




Яндекс.Метрика