Инфрақұрылымды дамыту

2020 жылға қарай Жетіген-Алтынкөл темір жол желісімен 15 млн. тонна жүк тасымалданады

Бұрын Қазақстан мен Қытай арасын Достық (ҚР) пен Алашаңқай (ҚХР) темір жол өткелі ғана жалғастырған. 1991 жылы аталған жол пайдалануға берілгеннен бері 156 млн. тонна жүк тасымалданды. Қазіргі кезде өткелдің өткізу әлеуеті төмен болғандықтан тағы да бір желіні іске қосу қажеттігі байқалды.
Астана қаласы22 Желтоксан , 00:00

Рекордтық мерзімде салынған телімде 2015 жылға дейін жүк тасымалдау көлемі жылына 10 млн. тоннаға, 2020 жылы -15 млн. тоннаға жеткізу көзделуде. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жетіген-Алтынкөл темір жол желісінің ұзындығы 293 шақырым. Оның экономикалық, әлеуметтік маңызы зор. «Қорғас» ХШЫО, Құрғақ порт, Индустриалдық аймақ, сонымен қатар халықаралық Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық автомагистралының бір бөлігі болып саналады.

Желі бойынан 5 станция, 9 жол айырығы ашылды. 260 қызметтік-техникалық, инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үйлер салынды. Жоба пайдалануға берілгенде 2055 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Құрылыс жұмысы барысында 28 көпір, оның төртеуі 300 метрге жетеді. 640 шақырымдық электр желілері мен басқа да нысандар тұрғызылды.

2011 жылы желіде жұмыс пойыздары жүрсе, 2012 жылғы қыркүйектен бастап жолаушылар тасымалдана бастады.

2012 жылғы 22-ші желтоқсаннан бастап қазақстан-қытай арасындағы алғашқы халықаралық контейнерлік пойыз қозғалысы ашылды. Ашылған күннен бастап жылжымалы құрамдар екі ел теміржолшыларының келісімі негізінде жұмыс тәртібімен жылжымалы құрамды қабылдау-өткізу кестесі белгіленеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика